Барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен Ақтөбе қаласындағы жылу беру жүйесінің жұмысына жауапты барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Сондай-ақ тәулік бойы кезекшілік нығайтылды. Бұған соңғы күндері аяздың күшейе түскені себеп болып отыр. Синоптиктердің болжауынша, осы аптада да ауа райы қолайсыз болмақ. Дегенмен алаңдауға негіз жоқ. Коммуналдық қызметтің үздіксіз берілуі өңір басшысының жіті бақылауында тұр. … Әрі қарай оқу Барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді